Шаңсорғыштарды салыстырыңыз (0) Түзеткіштерді салыстыру (0) Шаш кептіргіштерді салыстыру (0) Стилерлерді салыстыру (0) Түзеткіштерді салыстыру (0)
Dyson V11™ шаңсорғышына қолдау көрсету
Dyson V11™ шаңсорғышына қолдау көрсету
Алғашқы рет іске қосу
Жаңа Dyson V11™ сымсыз шаңсорғышын жинау, зарядтау және пайдалану туралы бейне нұсқауларын қараңыз.

Назар аударыңыз, шаңсорғышыңыздың түсі бейнеде көрсетілгеннен басқаша болуы мүмкін, бірақ оны пайдалану процесі бірдей болады.

Сымсыз шаңсорғышқа қондыру станциясын орнату жолы

Қондыру станциясы тазалау арасында құрылғыны ыңғайлы сақтауға және зарядтауға мүмкіндік береді. Ол екі қосымша тіркемені сақтай алады.

Алғаш рет қолданар алдында батареяны толық зарядтаңыз.

Бұл батареяны басқару жүйесіне қалған жұмыс уақытын дұрыс есептеуге көмектесетін маңызды қадам.

Батареяны пайдалану бойынша кеңестер
Тазалау арасында зарядтау - батареяны толық зарядтау үшін 4,5 сағатқа дейін уақыт кетуі мүмкін. Жасыл құсбелгі көрсетілгенде, зарядтау аяқталды.
Кезекпен қолданыс - егер сізде қосымша батарея болса, оны толық зарядтап, батареяны жүйелі түрде кезектесіп пайдалану ұсынылады.
Батареяларды сақтау - егер сіз батареяны пайдаланбасаңыз, оларды шамамен 30% зарядпен сақтау ұсынылады.
Құрылғыны суытуға мүмкіндік беріңіз - ұзақ уақыт үздіксіз тазалаудан кейін батареяны бірден зарядтамаңыз (қызып кету жағдайында).
Үзіліс жасаңыз - батареяның қызмет ету мерзімін ұзарту үшін кемінде айына бір рет батареяны толығымен босатыңыз.
Температура маңызды - біз шаңсорғышты күн сәулесі мен жылыту құрылғыларынан алыс, температурасы 18 және 28°C аралығында болатын жерде сақтауды ұсынамыз.
Оңтайлы режим - жоғары қуат режимін үнемі пайдалану батареяның тозуын тездетеді, күнделікті тазалауды «Авто» немесе «Эко» режимінде орындауды ұсынамыз.
/
Батареяны пайдалану бойынша кеңестер
Құрылғыны пайдалану бойынша кеңестер
Dyson V11™ сымсыз шаңсорғышына жақсы жұмыс істеуі үшін қарапайым, тұрақты техникалық қызмет көрсетудітің маңызы зор. Бұл шараға шаң контейнерін Мах белгісіне жеткенде босату, щеткадан қоқысты тазалау және сүзгіні ай сайын шаю кіреді.
Контейнердегі ластану деңгейін қадағалаңыз.

Контейнердегі ластану деңгейін қадағалаңыз және оны шамадан тыс толтырмай MAX белгісіне жеткенде босатыңыз.

Dyson V11™ сымсыз шаңсорғыштың сүзгісін қалай жууға болады?

Қалыпты пайдалану кезінде сүзгі бөлігін айына кемінде бір рет жуу керек.

Мұны қалай жасауға болады, мына бейнені қараңыз.

Шаңсорғыштың қондырмаларына үнемі күтім жасауды ұсынамыз.

Таза қондырмалар батареядан қосымша қуат алмайды, сондықтан шаңсорғышты ұзақ уақыт бойы қуатын жоғалтпай пайдалана аласыз.

Жоғары айналу моменті бар саптаманы қалай тазартуға болады?

Бұл тез және оңай жасалады, бейнеде көрсетілген нұсқауларды орындаңыз.

The Digital Motorbar™ едендер мен кілемдерге арналған әмбебап саптаманы дымқыл, түксіз шүберекпен сүртуге болады.

Шаңсорғыштың қондырмаларын үнемі күтіп ұстауды ұсынамыз. Таза қондырмалар батареядан қосымша қуат алмайды, сондықтан шаңсорғышты ұзақ уақыт бойы қуат жоғалтпай пайдалана аласыз.

Ақаулық себебін іздеу және түзету
Кедергілерді жою

Құрылғыңыздың ауа жолдарында бітелу болса, сізге ескерту беріледі. Экранда қандай ауа ағынының жолдарын тексеру керектігін көрсететін анимация болады.

Экранда «сүзгі дұрыс орнатылмаған» хабары пайда болса, не істеу керек

Сүзгі бөлігін сағат тіліне қарсы бұрау арқылы шешіп, оны кайта орнату керек - сүзгі орнына түскенше сағат тілімен бұраңыз.

Жиі қойылатын сұрақтар
Сүзгіні қаншалықты жиі тазалау керек?
+
Батареяны толық зарядтау үшін қанша уақыт қажет?
+
Шаңсорғышты үйдің шаңын әр тазалаудан кейін үнемі түрде зарядтауым керек пе?
+
Шаңсорғыш зарядталып біткен соң оны доксатнцияда қалдыра аламын ба?
+
Шаңсорғыштың әмбебап саптамасындағы жылжымалы қосқыш не үшін қажет?
+
Рақмет сізге!
Сіздің өтінішіңіз қабылданды және оны біздің мамандар өңдеп жатыр.
Байланыста болыңыз!