Shop-Dyson.kz Интернет-дүкенінің ЖАРИЯ ОФЕРТА ШАРТЫ
Бұдан әрі «Интернет дүкен» деп аталатын Shop-Dyson.kz интернет-дүкені мен бұдан әрі «Сатып алушы» деп аталатын Интернет-дүкен қызметтерін пайдаланушы арасындағы осы келісім Shop-Dyson.kz интернет-дүкенінің сайты арқылы тауарларды сатып алу шарттарын анықтайды.
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1. «АК Цент Микросистемс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің (бұдан әрі - ҚР АК) 447 - бабына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың атына жария оферта шарты (ұсыныс) болып табылатын осы сатып алу-сату шартын жариялайды.
1.2. Осы жария оферта (бұдан әрі "Оферта" деп аталады) «АК Цент Микросистемс» ЖШС мен Офертаны акцептеген тұлға арасындағы барлық маңызды Келісімшарттың шарттарын анықтайды.
1.3. Осы Шарт Сатып алушы мен Интернет-дүкен арасында тапсырысты ресімдеу сәтінде жасалады.
1.4. Офертаны Shop-Dyson.kz сайтында орналастырылған «АК Цент Микросистемс» ЖШС Интернет-дүкені арқылы жүзеге асырылатын/ұсынылатын тауар және/немесе қызметті сатып алғысы келетін Қазақстан Республикасының территориясындағы кез келген жеке немесе заңды тұлға қабылдай алады.
1.5. Сатып алушы Жалпы офертадағы барлық шарттарды (яғни, толық көлемде және ерекшеліксіз) сөзсіз қабылдайды.
1.6. Осы Шарттың талаптары қабылданған жағдайда (яғни Интернет-дүкеннің жария офертасы) Офертаның акцептін жүргізетін жеке немесе заңды тұлға Сатып алушыға айналады.
1.7. Сатып алушыдан жеке тұлғаның Сатушы ұсынатын шарттар бойынша тауар алу ниеті туралы хабар алуы акцепт болып табылады.
1.8. Оферта, оның барлық қосымшалары, сондай-ақ «АК Цент Микросистемс» ЖШС тауарлары/қызметтері туралы барлық қосымша ақпарат Shop-Dyson.kz сайтында жарияланған.
2. ИНТЕРНЕТ – ДҮКЕННІҢ МӘРТЕБЕСІ
2.1. Интернет-дүкен «АК Цент Микросистемс» ЖШС меншігі болып табылады және интернет желісі арқылы тауарларды сатудың қашықтықтан тәсілін ұйымдастыруға арналған.
2.2. Интернет-дүкеннің мәмілелері жария оферта шарттарымен сатып алу-сату шартымен реттеледі. Оферта акцептін (яғни Интернет-дүкенде ресімделген тапсырысты төлеуді) жүргізе отырып, Сатып алушы тауарды сатып алу-сату шарты талаптарымен меншігіне алады.
2.3. Интернет-дүкен тапсырыс беру кезінде Сатып алушы ұсынған ақпараттың мазмұны мен дұрыстығына жауап бермейді.
3. САТЫП АЛУШЫ МӘРТЕБЕСІ
3.1. Сатып алушы тапсырыс беру кезінде берілген ақпараттың дұрыстығына және оған үшінші тұлғалардың шағымының жоқ екеніне жауап береді.
3.2. Сатып алушы бұл Шартта белгіленген шарттарға келісімін тапсырысты рәсімдеу кезінде «Мен Шарттың шарттарын толық оқып шықтым, Шарттың барлық шарттарын түсінемін, Шарттың барлық шарттарымен келісемін» графасына белгі қою арқылы растайды.
3.3. Сатып алушы берген ақпарат құпия болып табылады. Сатып алушы сайтта тіркелу немесе өтінішті толтыру кезінде өзінің жеке мәліметтерін бере отырып, өз әрекетімен пайдаланушы келісімін атқару мақсатында өзінің жеке мәліметтерін өңдеуге келісімін береді. Интернет-дүкен Сатып алушы туралы ақпаратты интернет-дүкеннің қызметін орындау (тапсырыстың орындалғаны туралы Сатып алушыға хабарлама жіберу және т.б.) және осы Шарт офертасында көрсетілген жағдайлар үшін ғана қолданады.
3.4. Тауарды қарау және таңдау үшін, сондай-ақ тапсырыс беру үшін Интернет-дүкен ресурсын пайдалану Сатып алушы үшін өтеусіз болып табылады.
4.ОФЕРТАНЫҢ МӘНІ
4.1. Сатып алушының тапсырыстары бойынша Сатушы Сатып алушыға офертада және оның қосымшасында Сатушы бекіткен шарттар мен бағаларға сәйкес тауарды сатады.
4.2. Сатып алушы тапсырыс берген және ақысын төлеген тауарларды жеткізуді Сатушы немесе Тасымалдаушы жүзеге асырады. Сатып алушы өздігінен тауарды Сатушының қоймасынан алып кете алады (дүкен менеджерімен алдын-ала келісу арқылы өздігінен алып кете алады).
4.3. Сатып алушы мен Сатушы арасындағы қарым-қатынас ҚР АК, 04.05.2010 N 274-IV «Тұтынушылардың құқығын қорғау» заңымен, сондай-ақ, оған сәйкес қабылданған басқа да нормативтік-құқықтық актілермен реттеледі.
4.4. Жеке тұлға немесе заңды тұлға офертаның (оферта акцепті) барлық шарттарын және оған қосымшаларды Сатушы Сатып алушының тауарды Сатушы ұсынған шарттар бойынша алу ниетін білдіретін хабарламасын алғаннан кейін, толықтай және ешқандай ерекшеліксіз қабылдаған болып саналады. Оферта акцепті жағдайында жеке тұлға Сатушымен тапсырыс берілген тауарларға сатып алу-сату шартын жасасқан болып табылады және Сатып алушы мәртебесіне ие болады.
5. САТЫП АЛУ-САТУ ШАРТЫН ЖАСАСУ ТӘРТІБІ
5.1. Сатып алушы тапсырысты Интернет-дүкеннің сайтында немесе менеджер арқылы сайтта көрсетілген телефондар арқылы сатып алу-сату шартының (Интернет-дүкеннің жария офертасы) талаптарымен рәсімдей алады.
5.2. Интернет-дүкенде тапсырысты рәсімдеу кезінде Сатып алушы өзі туралы ақпаратты беруге міндетті: Тауарды Сатып алушының А.Ж.Т. немесе компанияның атауы, тауарды жеткізу мекен-жайы, тауарды Сатып алушының байланыс нөмірі мен электронды поштасы.
5.3. Сатып алушының ерік білдіруі соңғысының Интернет-дүкенде тапсырыс нысанына тиісті деректерді енгізу не Интернет-дүкеннің менеджері арқылы немесе электрондық пошта (e-mail) арқылы өтінім беру арқылы жүзеге асырылады.
5.4. Интернет-дүкен Сатып алушы туралы ақпаратты өңдемейді.
5.5. Сатып алу-сату шартының қағаз данасын алу үшін Сатып алушы өтінімді сайтта көрсетілген электрондық пошта немесе телефон арқылы жібереді.
6. ӨНІМ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
6.1. Өнім сайтта графикалық кескіндер-үлгілер арқылы ұсынылған.
6.2. Әрбір графикалық үлгі кескіні мәтіндік ақпаратпен сүймелденеді: атауы, өлшемі (қажет болған жағдайда), бағасы және тауардың сипаттамасы.
6.3. Интернет-дүкенде ұсынылған барлық ақпараттық материалдар анықтамалық сипатқа ие және түстерді, өлшемдерді және пішіндерді қоса алғанда, өнімнің қасиеттері мен сипаттамалары туралы ақпаратты толық бере алмайды. Сатып алушыда тауардың қасиеттері мен сипаттамаларына қатысты сұрақтар туындаған жағдайда, Сатып алушы тапсырыс берер алдында Сатушыға сайтта көрсетілген телефондар арқылы жүгінуі керек.
6.4. Сатып алушының өтініші бойынша Интернет-дүкеннің менеджері Сатып алушының көзқарасы бойынша тауарды сатып алу туралы шешім қабылдау үшін қажетті және жеткілікті басқа ақпаратты (телефон арқылы немесе электрондық пошта арқылы) беруге міндетті.
6.5. Сатып алушы тауарды оның кемшіліктеріне (ақауларына) байланысты белгіленген жеңілдікпен сатып ала отырып, болашақта оларға сілтеме жасау құқығынан айырылатыны туралы хабардар етіледі.
6.6. Сатып алушыға Сатушы шотта жеке позициялармен көрсетілген тауар кез-келген жағдайда жиынтық болып табылмайтындығы туралы хабарлайды.
7. ТАУАРДЫ САТЫП АЛУ ТӘРТІБІ
7.1. Сатып алушы Интернет-дүкенде ұсынылған кез-келген тауарға тапсырыс беруге құқылы. Бұл ережеден ерекшеліктер: тауарды сатудан алып тастау, қоймадағы тауарлардың бітуі және т.б. Сондай-ақ, акцияларды өткізу кезінде әрбір өнімнің сипаттамасында ерекшеліктер көрсетілуі мүмкін.
7.2. Тапсырысты Сатып алушы сайтта көрсетілген телефондар арқылы немесе сайтта өз бетінше ресімдей алады.
7.3. Тапсырысты рәсімдеген соң, Сатушы Сатып алушының элеткронды поштасына таңдалған тауардың атауын, өлшемін, бағасын және жалпы сомасын көрсете отырып, тапсырыстың қабылданғаны туралы ақпаратты жіберу арқылы тапсырысын растайды немесе интернет-дүкеннің менеджері Сатып алушымен телефон арқылы байланысады.
7.4. Қоймада тауар болмаған кезде Интернет-дүкеннің менеджері бұл туралы Сатып алушыға (телефон немесе электрондық пошта арқылы) хабарлауға міндетті.
7.5. Сатып алушы қоймада уақытша жоқ тауарға алдын ала тапсырыс беруге құқылы.
7.6. Тауар болмаған кезде Сатып алушы оны басқа тауармен алмастыруға не тапсырыстың күшін жоюға құқылы.
7.7. Тауарды жеткізу мерзімі 30 күннен аспайды және Сатушы Тауарды Сатушы ұсынған шарттармен сатып алу ниеті туралы хабарламаны алғаннан кейін келесі күні есептеле бастайды.
8. ТАУАРДЫҢ БАҒАСЫ
8.1. Интернет-дүкенде тауардың бағасы әрбір тауарға Қазақстан Республикасының теңгесімен көрсетілген.
8.2. Сайтта көрсетілген тауардың бағасын Интернет-дүкен біржақты тәртіппен өзгерте алады, бұл ретте Сатып алушы тапсырыс берген және төлеген тауардың бағасы өзгертуге жатпайды.
8.3. Тапсырыстың толық құны тауардың каталогтық құнынан және жеткізу құнынан тұрады.
9. ТАУАРДЫҢ ТӨЛЕМІ
9.1. Тауарға төлем жасау жолдары мен тәртібі «Төлем және Жеткізу» бөлімінде көрсетілген. Қажет болған жағдайда, тапсырыс берілген тауарға төлем жасау тәртібі мен шарттары бойынша Сатып алушы интернет-дүкеннің менеджерімен келіседі.
9.2. Қолма-қол ақшамен төлем жасаған жағдайда Сатып алушы Сатушыға тауарды жеткізіп беретін интернет-дүкен өкіліне ақша аудару арқылы оны аудару кезінде оның бағасын төлеуге міндетті.
9.3. Ақшасыз есеп айырысу арқылы төлеу Shop-Dyson.kz сайтында ePay жүйесі арқылы банк картасымен немесе берілген шот бойынша үш банктік күн ішінде жүзеге асырылады. Сатушының шотына қаражат түскеннен кейін Интернет-дүкен менеджері Сатып алушымен жеткізу мерзімін келіседі. Төлемнің қолма-қол ақшасыз нысаны кезінде Сатып алушының тауар бағасын төлеу жөніндегі міндеттемесі Сатушы көрсеткен есеп айырысу шотына тиісті қаражат түскен кезден бастап орындалды деп есептеледі.
9.4. Сатып алушы тапсырыс үшін Интернет-дүкенде қол жетімділердің ішінен таңдалған кез келген тәсілмен төлейді. Қол жетімді әдістер тапсырыс бетінде немесе «Жеткізу және төлем» бетінде көрсетілген.
9.5. Тапсырысты төлеу кезінде Тараптардың есептеулері Қазақстан Республикасының теңгесімен жүзеге асырылады.
10. ТАУАРЛАРДЫ ЖЕТКІЗУ
10.1. Тауарды жеткізу әдістері мен тәртібі Сайтта «Жеткізу және төлеу» бөлімінде көрсетілген. Тапсырыс берілген тауарды жеткізу тәртібі мен шарттарын Сатып алушы Интернет-дүкен менеджерімен келіседі.
10.2. Тауарды алып кету:
10.2.1. Сатушы орналастырылған тапсырыс туралы хабарламаны алғаннан кейін оны Сатып алушының телефоны немесе e-mail арқылы алғанын растайды және онымен тауарды алып кету күнін келіседі.
10.2.2. Сатып алушы төлемді (қолма-қол ақшамен) жүзеге асырады және тапсырысты Сатушының қоймасы орналасқан жерінде алады. Мекен-жайлар, байланыстар және қоймалардың жұмыс режимі Сатушының сайтында «Байланыс» бөлімінде көрсетілген. Қолма-қол ақшасыз төлем нысаны кезінде Сатушы қосымша телефон арқылы немесе Сатып алушының e-mail арқылы тапсырыстың төлемін Сатушының есеп айырысу шотына аудару фактісін растайды және осыдан кейін ғана Сатып алушымен Тауарды алып кету күнін келіседі.
10.2.3. Меншік құқығы және тауардың кездейсоқ жойылу, жоғалу немесе бүліну қаупі тауарды Сатып алушыға немесе оның Өкіліне берген сәттен бастап Сатып алушыға өтеді.
10.3. Сатушының тауарды жеткізуі:
10.3.1. Меншік құқығының ауысуы және тауардың кездейсоқ жойылу, жоғалу немесе бүліну қаупі Сатып алушыға тауарды Сатып алушыға немесе шарт орындалған жердегі Өкілге берген сәттен бастап Тараптар тауарды қабылдау актісіне (тауар жүкқұжатына) қол қойған сәттен бастап ауысады.
10.3.2. Жеткізу кезінде тауар Сатып алушыға немесе Өкілге беріледі.
10.4. Тасымалдаушының тауарды жеткізуі:
10.4.1. Тараптар тауарды қабылдау актісіне (тауар жүкқұжатына және/немесе көлік жүкқұжатына және/немесе тауар-көлік жүкқұжатына) қол қойған кезде шартты орындау орнында тауарды Тасымалдаушыға берген сәттен бастап, меншік құқығы және тауардың кездейсоқ жойылу, жоғалу немесе бүліну қаупі мен тәуекелі Сатушыдан Сатып алушыға немесе Тасымалдаушыға (Сатып алушы мен Тасымалдаушы арасында жасалған шартқа сәйкес) ауысады.
10.4.2. Тауарды Сатып алушыға беру жөніндегі міндеттеме, оның ішінде 10.4.1-тармақ бойынша тауар Тасымалдаушыға берілген сәттен бастап орындалды деп есептеледі.
10.4.3. Әрбір тапсырыс шеңберінде тауарды жеткізу құны барлық тапсырыс берілген тауарлардың салмағы мен көлеміне, тапсырысты жеткізу мекенжайына, тасымалдаушының бағасына қарай есептеледі және Сатып алушы дербес төлейді.
10.5. Сатып алушы тауарды қабылдау кезінде оның саны мен ассортименті бойынша қабылдауға міндетті.
10.6. Тауарды алған кезде Сатып алушы Сатушының (Тасымалдаушының) өкілінің қатысуымен оның тауар жүкқұжатына сәйкестігін тексеруге, тауардың атауы бойынша тауардың санына, сапасына, толықтығына көз жеткізуге тиіс.
10.7. Сатып алушы немесе Өкіл тауарды қабылдау кезінде тауарды жөнелтпе қағазына қол қою арқылы тауардың сыртқы түріне және толықтығына ешқандай шағымының жоқ екенін растайды.
11. ТАУАРҒА КЕПІЛДІКТЕР
11.1. Егер қосымша келісімде өзгеше көзделмесе, тауарды пайдаланудың кепілдік мерзімі тауарды Сатып алушыға немесе оның өкіліне берген сәттен бастап 3 (үш) айдан 24 (жиырма төрт) айға дейін құрайды. Кепілдік пайдалану мақсатынан тыс немесе тауардың осы түріне белгіленген, сондай-ақ осы шартта айқындалған пайдалану нормалары мен қағидаларын бұза отырып жүргізілетін бұйымдарға қолданылмайды. Кепілдік шарттары туралы мәліметтер «Кепілдік» бетінде көрсетілген.
12. ТАУАРДЫ ҚАЙТАРУ ЖӘНЕ АЙЫРБАСТАУ
12.1. Сатып алушы тауарды жөнелткенге дейін кез келген уақытта, ал тауарды бергеннен кейін – «ҚР тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңында көзделген тәртіппен және шарттарда бас тартуға құқылы. Тауарларды қайтару немесе айырбастау шарттары мен процедураларының егжей-тегжейлері «Қайтару және айырбастау» бетінде сипатталған.
12.2. Егер тауар пайдаланылмаған болса, оның тауар түрі, жапсырмалары, пломбалары, сондай-ақ оның тұтыну қасиеттері сақталған, тауардың корпусында немесе ішінде механикалық зақымданулар, жарықтар, кетіктер жоқ және оны осы Сатушыдан сатып алғаны туралы дәлелдер болғанда (фискалдық чек, қайтарылатын тауарды сатып алуға арналған жүкқұжат), ал бастапқы сауда қаптамасы бұзылмаған болса, тиісті сападағы тауарды қайтаруға және айыбастауға болады.
12.3. Сапасыз тауарларды қайтару және айырбастау (зауыттық ақау) авторландырылған қызмет көрсету орталығы арқылы жүзеге асырылады.
Механикалық зақымданған тауар сатып алушының қалауы бойынша тиісті Авторландырылған Қызмет көрсету Орталығына жөндеуге қабылданады.
12.4 Сатып алушы тиісті сападағы тауардан бас тартқан кезде Сатушы Сатып алушы тиісті талап қойған күннен бастап 15 күннен кешіктірмей қайтарылған тауарды Сатып алушыдан жеткізуге Сатушының шығыстарын қоспағанда, Сатушы оған Шартқа сәйкес төленген соманы қайтарады.
12.5. Егер соманы қайтару тауарды қайтарумен бір мезгілде жүзеге асырылмаған жағдайда, көрсетілген соманы қайтаруды Сатушы Сатушының орналасқан жері бойынша қолма-қол ақша қаражатымен немесе тауарға төлем жасалған Сатып алушының банктік шотына немесе Сатып алушы хабарлаған басқа шотқа аудару арқылы жүзеге асырады.
12.7. Осы тармақта көрсетілген ақшалай қаражатты қайтару тәсілін Сатушы осы шартта және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген ақшаны қайтарудың басқа да жағдайларда пайдалана алады.
13. ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
13.1. Тараптар ҚР заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.
13.2. Сатушы Интернет-дүкеннен тапсырыс берілген тауарды тиісті түрде қолданбаудың салдарынан Сатып алушыға келген залалға жауап бермейді.
13.3. Тараптар еңсерілмейтін күштің әрекет ету уақытына шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауаптылықтан босатылады.
14. БАСҚА ШАРТТАР
14.1. Сатып алушы мен Сатушы арасындағы қатынастар Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.
14.2. Сатып алушы тарапынан сұрақтар мен шағымдар туындаған жағдайда, ол «АК Цент Микросистемс» ЖШС-не: Алматы қаласы, Атырау ықшамауданы, 159/8 мекенжайы бойынша: 7 (747) 527 28 44 телефоны немесе info@Shop-Dyson.kz e-mail бойынша хабарласуы тиіс.
14.4. Бұл Шарт Сатып алушының бұл офертаны акцептеген күнінен бастап күшіне еніп, Тараптар міндеттерін толық орындағанға дейін күшін жоймайды.
14.5. Осы Келісім-шарт бойынша Тараптардың міндеттерін орындау кезінде орын алған барлық дау мен қайшылықтар келіссөз арқылы шешіледі. Шешу мүмкін болмаған жағдайда, Тараптар өз мүдделерін қорғау үшін сотқа шағымдана алады.
14.6. Тауарлық ұсыныстарын сайтта кеңейту және қысқарту, кез келген тауарды сатып алуға қолжетімділікті реттеу, сондай-ақ, өз қалауынша кез келген тауардың сатылымын тоқтата тұру немесе тоқтату құқығын интернет-дүкеннің өзіне тиесілі.
15. ҚҰПИЯЛЫЛЫҚ ЖӘНЕ ЖЕКЕ АҚПАРАТТЫ ҚОРҒАУ
15.1. Сатып алушының ақпарат беруі:
Тіркеу, тапсырыстарды ресімдеу, сондай-ақ қолдау қызметтеріне жүгіну кезінде Сатып алушы мынадай ақпаратты бере алады: ТАӘ, тапсырысты жеткізу үшін Сатып алушының орналасқан жерінің мекенжайы, электрондық пошта мекенжайы, ұялы телефон нөмірі, ЖСН.
Жоғарыда көрсетілген тәсілдермен өзінің дербес деректерін ұсына отырып, Сатып алушы өз еркімен және өз мүддесі үшін Сатушының оларды жинауға, өңдеуге және пайдалануына, оның ішінде Сатушының тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді ілгерілету мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де мақсаттар үшін өзінің сөзсіз келісімін білдіреді.
15.2. Сатып алушы ұсынған және Сатушы алған ақпаратты пайдалану.
Сатушы ақпаратты пайдаланады: Сатып алушыны Сайтта тіркеу үшін; Сатып алушы алдындағы міндеттемелерін орындау үшін; Сайттың жұмысын бағалау және талдау үшін; пайдаланушыларды тіркеу мақсатында, біздің сайттың жұмысын қолдау және жетілдіру үшін, пайдаланушылардың сұраныстарын одан әрі дұрыс өңдеу, сондай-ақ оларды техникалық және ақпараттық қолдау үшін. Сонымен қатар, біз клиенттермен басқа жолдармен байланыста болу үшін жеке сипаттағы ақпаратты қолданамыз. Мысалы, біз пайдаланушыға тапсырыстың немесе басқа әрекеттің жасалғанын растайтын электрондық хабарлама жіберу үшін жеке ақпаратты пайдалана аламыз. Біз сондай-ақ тапсырыс күйі, шот күйі және басқа да қызметтік мақсаттар туралы хабарлау үшін, сондай-ақ Сатып алушының мүдделеріне тікелей әсер ететін маңызды жаңалықтар, акциялар және арнайы ұсыныстар туралы хабарлау үшін жеке деректерді пайдаланамыз. Хабарлау тәсіліне электрондық хабарламаны поштаға жіберу, СМС хабарламаны байланыс нөміріне жіберу сияқты іс-әрекет түрлері жатады.
15.3. Сатушы алған ақпаратты жария ету:
Сатушы Сатып алушының тапсырысын (курьерлік қызметтерге, пошта байланысы ұйымдарына және т. б.) орындау мақсатында деректерді беруді, жасалған шарттар шеңберінде Сатушының контрагенттерімен (Сатып алушыларға тауарды кредитке немесе бөліп төлеуге сату кезінде банктер және т. б.), сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті мемлекеттік органдарға беруді қоспағанда, берілген дербес деректерді Сатып алушының алдын ала жазбаша рұқсатынсыз жария етпеуге міндеттенеді;
15.4. Сатушы «cookies» технологиясын қолдануға құқылы. «Cookies» құпия ақпаратты қамтымайды және үшінші тұлғаларға берілмейді.
15.5. Сатушы Сайтқа кірушінің ip-мекенжайы туралы ақпарат алады. Бұл ақпарат келушінің жеке басын анықтау үшін пайдаланылмайды.
15.6. Сатушы Сатып алушының логині мен паролі үшінші тұлғаға белгілі болуы нәтижесінде туындауы мүмкін шығындар үшін жауап бермейді.
16. САТУШЫНЫҢ МЕКЕН-ЖАЙЫ МЕН ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ
Атауы: «АК Цент Микросистемс» ЖШС
Заңды мекенжайы: 050019, Алматы, Медеу ауданы, Атырау шағын ауданы 159/8
«Банк Центр Кредит» АҚ
Есеп айырысу шоты № KZ 318562203116342963
БСК: KCJBKZKX