
Төрт конусының арқасында беткеймен жеңіл сырғитын революциялық қос конусты щетка тіпті қол жетуі қиын бұрыштарды да мұқият тазартады.
Fluffycones™ атты төрт конус тәрізді тазартқыш бастиек ұзын шаштарды да тиімді алып тастап, олардың щеткаға оралып қалуын болдырмайды. Саптама беткеймен жеңіл сырғып қозғалады, ал алдыңғы және артқы щеткалар бір-біріне қарама-қарсы бағытта айналып, тіпті қол жетуі қиын бұрыштарды да мұқият тазартады.
Жаңа Dyson Hyperdymium™ қозғалтқышы – минутына 140 000 айналымға дейін жететін және диаметрі небәрі 28 мм болатын Dyson-ның ең жылдам вакуумдық қозғалтқышы. Ол Dyson PencilVac™ шаңсорғышына қуатты сору күшін қамтамасыз етіп, ең ұсақ қоқыстарды да тиімді жинауға мүмкіндік береді. Мұны екі жағынан шаңды жарықтандыратын лазерлік жарық дәлелдейді – көзге көрінбейтінді көрінетін етеді.
Жаңа 22 миллиметрлік сызықтық шаң бөлу жүйесі 0,3 микронға дейінгі бөлшектердің 99,99%⁴ ұстап қалады.
Бұл беткейде шаң ізі қалмайтындай сапалы тазалықты қамтамасыз етеді.
Жаңа құрылғы ауаны пайдалана отырып, шаңды тығыздау технологиясын қолданады — бұл контейнер сыйымдылығын барынша арттырады.
Ал қоқысты контейнерден тікелей қол тигізбей төгетін жүйе тазалықты гигиеналық түрде сақтап, оңай күтім жасауға мүмкіндік береді.
Бұл — батарея жайлы қосымша ақпарат пен сүзгіні күтіп ұстау жөніндегі нұсқаулықтарды ұсынатын MyDyson™ қолданбасына қосылатын алғашқы сымсыз шаңсорғыш.
Чикаго, Иллинойс | 2025 жылғы 21 мамыр
Бүгін Dyson компаниясы заманауи технологиялармен жабдықталған, диаметрі небәрі 38 мм болатын жеңіл әрі сымсыз Dyson PencilVac™ шаңсорғышын ұсынады.
Бұл – ұзын шаштарды шешіп ажырату үшін арнайы жасалған төрт конус тәрізді элементтері бар жалғыз шаңсорғыш.
Жаңа Fluffycones™ тазартқыш бастиек тазалау кезінде шаштарды өздігінен итеріп шығарады – енді шатасқан шаштарды қолмен кесіп немесе суырып алудың қажеті жоқ.
Dyson PencilVac™ шаңсорғышы бір-біріне қарама-қарсы айналатын екі щеткаға орнатылған төрт конус тәрізді саптамамен жабдықталған. Мұндай құрылым саптаманың алға және артқа жеңіл қозғалуын қамтамасыз етеді, ал алдыңғы және артқы лазерлік жарық шаңды анық көрсетіп, көзге көрінбейтінді байқатады.
Щетканың шетінен шығып тұратын конустар тіпті плинтусқа дейінгі аумақты тиімді тазалауға мүмкіндік береді.
Салмағы небәрі 1,8 кг және қалыңдығы 38 мм болатын қос щеткалы Dyson PencilVac™ — Dyson шығарған ең маневрлі шаңсорғыш. Ол тек алға және артқа ғана емес, жан-жаққа да еркін қозғалып, үйдің ең қол жетпес бұрыштарын да мұқият тазалайды.
«Мен диаметрі небәрі 38 мм болатын шаңсорғыш жасауды бұрыннан армандадым — бұл менің соңғы Supersonic r™ фенімнің диаметрімен бірдей. Бұл идеяны жүзеге асыру үшін біз диаметрі небәрі 28 мм болатын ең кішкентай әрі қуатты Hyperdymium қозғалтқышын жасап шығардық. Одан кейін шаңды сүзу мен тығыздаудың жаңа жүйесін ойлап таптық.
Біз тазартқыш бастиектердің құрылымын қайта қарап, бір-біріне қарама-қарсы айналатын төрт конусты щетканы енгіздік. Мұның арқасында саптама еденмен еркін “жүзіп” жүріп, кез келген бағытта тиімді тазалауға мүмкіндік береді».
— Джеймс Дайсон, Dyson компаниясының негізін қалаушы
Fluffycones™ жаңа саптамасы
Ұзын шаштарды тарқатып, қол жетуі қиын бұрыштарды тиімді тазартады.
Жаңа Dyson Fluffycones™ саптамасы шаштың оралып, шатасуын болдырмайтын төрт конус тәрізді щеткамен жабдықталған. Бұрышпен орналасқан нейлон қылшықтар шаштарды бұрынғыдан да тиімді жинап, еденді ұсақ шаңнан мұқият тазартады.
Алдыңғы конустар бір бағытта, ал артқы конустар қарама-қарсы бағытта айналады. Мұндай құрылым қоқысты кез келген бағытта – алға, артқа және бүйірге қозғалғанда – оңай жинауға мүмкіндік береді.
Саптаманың алдыңғы және артқы бөлігіне орнатылған жасыл лазер шаңды жарықтандырып, көзге көрінбейтінді көрінетін етеді.
Жан-жағына шығып тұратын щеткалар конструкциясының арқасында төрт үлпілдек конус қабырға бойындағы және бұрыштардағы қоқысты оңай жинап алып, бүкіл бөлме аумағын мінсіз тазартуды қамтамасыз етеді.
Ең жұқа сымсыз шаңсорғыш
Минутына 140 000 айналым жылдамдығымен жаңа Dyson Hyperdymium™ қозғалтқышымен жабдықталған.
Dyson PencilVac™ — диаметрі небәрі 38 мм болатын ең жіңішке шаңсорғыш¹.
Өлшемінің шағын болуы арқасында ол тар саңылаулар мен аласа жиһаздың астына оңай жетіп, тіпті ең қиын қол жететін жерлерді де тиімді тазартады.
Құрылғының әрбір компоненті микрондық дәлдікпен жобаланған — бұл аса ықшам өлшеммен қатар жоғары өнімділікті қамтамасыз етеді.
Мысалы, диаметрі небәрі 28 мм² болатын қозғалтқышты 38 миллиметрлік шаңсорғыш тұтқасына орнатуға мүмкіндік туды.
Жаңа қозғалтқыш минутына 140 000 айналымға дейін жетеді — бұл алдыңғы модельден³ 34% жылдам. Ол 55 АВт көлемінде күшті сору қуатын қамтамасыз етеді.
Dyson компаниясының жаңа екі сатылы сызықтық шаң бөлу жүйесі
Dyson PencilVac™ — Dyson компаниясының жаңа сүзу жүйесі қолданылған алғашқы шаңсорғышы.
Бұл жүйе ауа ағынынан шаң мен қоқысты тиімді бөліп шығарып, сүзгілердің ластануына жол бермейді және құрылғының өнімділігін төмендетпейді.
Екі сатылы сызықтық жүйе 0,3 микронға дейінгі бөлшектердің 99,99% дейін ұстап қалады⁴, бұл тазалау кезінде ауаны сүзуге мүмкіндік береді және сору қуатының төмендеуіне жол бермейді. Мұның арқасында құрылғы тұрақты әрі жоғары тиімділікпен жұмыс істейді.
Сонымен қатар шаң контейнер ішінде тығыздалады, бұл оның сыйымдылығын арттырып, жиі тазалау қажеттілігін азайтады.
Bluetooth арқылы қосылатын алғашқы сымсыз Dyson шаңсорғышы
MyDyson™ қосымшасы арқылы батарея күйі туралы мәліметтер мен күтім бойынша ұсыныстар алыңыз.
Dyson PencilVac™ — Bluetooth қосылымын қолдайтын алғашқы сымсыз Dyson шаңсорғышы. Бұл құрылғыны пайдаланушыларға бұрын-соңды болмағандай ыңғайлылық пен басқару мүмкіндігін ұсынады.
MyDyson™ қосымшасы арқылы қолданушылар кеңейтілген баптаулар мен техникалық қызмет көрсетуге қатысты нақты уақыттағы хабарламаларға қол жеткізе алады — соның ішінде сүзгіні қашан және қалай тазарту керектігі туралы ескертпелер де бар.
Қосымша сонымен қатар құрылғыны күтіп-баптауға арналған кезең-кезеңімен нұсқаулықтар мен барлық функцияларды барынша тиімді пайдалану бойынша кеңестер ұсынады.
Бұдан бөлек, Dyson PencilVac™ құрылғысы кіріктірілген СК-экранымен жабдықталған — онда тазалау кезінде таңдалған қуат режимі мен қалған жұмыс уақыты көрсетіледі.
«Ең шағын әрі ең жылдам шаңсорғыш қозғалтқышын жасау — бұл жай ғана миниатюрлеу міндеті емес. Бұл — конструкцияны, электрониканы, бағдарламалық жасақтаманы және аппараттық компоненттерді дәл біріктіріп, олардың біртұтас, сенімді әрі ақаусыз жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
Біз инженерия шекараларын қайта ойлап, ымырасыз жолды таңдаймыз. Біздің тәсіліміз — инновациядан бастап жобалауға және өндіріске дейін – ешқандай ымыраға келмейтін ұстанымға негізделген.
Жаңа қозғалтқыш, тазалаушы бастиектің жаңа парадигмасы, шаңды бөлуге арналған жаңа жүйе — мұның бәрі Dyson PencilVac™ құрылғысын инженерлік жетістіктеріміздің шыңы етеді».
— Джон Черчилль, Dyson компаниясының техникалық директоры.
Сілтемелер:
[1] Сымсыз шаңсорғыштардың негізгі корпусының енімен салыстырғанда. Бұл деректер 2023 жылғы сәуір мен 2024 жылғы желтоқсан аралығындағы нарықты қамту бойынша тәуелсіз үшінші тарап ұсынған мәліметтерге негізделген.
[2] Салыстыру үшін: Қазақстандық 200 теңгелік монетаның диаметрі – 26 мм.
[3] Dyson V9 Hyperdymium қозғалтқышымен салыстырғанда.
[4] Жылдам режимде ASTM F1977 бойынша SGS America сыртқы кәсіпорнында 2024 жылы жүргізілген сынақ.
[5] Нақты жұмыс уақыты қуат режиміне, шаң деңгейіне, еден түріне және/немесе қолданылатын саптамаларға байланысты болуы мүмкін.
[6] Қоқысты тығыздау Dyson компаниясында жылдамдату режимде сыналған. Өнімділік қоқыс түріне және құрылғыны пайдалану ерекшеліктеріне байланысты өзгеруі мүмкін.
Дереккөзге сілтеме:
https://www.dyson.com/discover/innovation/new-machines/pencilvac-launch