Шаңсорғыштарды салыстырыңыз (0) Түзеткіштерді салыстыру (0) Шаш кептіргіштерді салыстыру (0) Стилерлерді салыстыру (0) Түзеткіштерді салыстыру (0)
Көрулер: 1563

Инновация және күтім: көктемгі мерекелерге арналған Dyson сыйлықтары

Керемет сыйлық іздейтіндерге арналған қысқаша нұсқаулық

 

Қажет, функционалды және жүрекке әсер ететіндей сыйлық таңдаудың қаншалықты маңызды екенін білеміз. Көктемгі мерекелер алдында өміріңізді жеңілдету үшін біз Dyson-нан осы айтылған маңыздылықтарға сай келетін сылықтар тізімін жасадық. Біріншіден, британдық компанияның инновациялық технологиясы бар құралдары әрбір қыздың тілектер тізімінде екеніне сенімдіміз. Екіншіден, Dyson құралдарын сыйға тарқан жағдайда сіз жай ғана стайлері немесе ауа ылғалдағыш емес, өмір сүру сапасын, қамқорлық пен жылулықты сыйға тартатыныңызды айтқымыз келеді.

Шаш күтіміне арналған

styler dlya volos

Аналар, әйелдер, апалар мен қыздар - олар үшін шаш күтіміне арналған әмбебап сыйлықтарды ұсынамыз. Міне, оларды көңілінен шығып қуанышқа бөлейтін ең қажет үш құрылғы:

 Dyson Airwrap™ – ұзын және қысқа, қалың және жұқа шаштарға арналған сәндегіш стайлері. Бұл тегіс, біркелкі сәндеуге қол жеткізуді жеңілдетеді, сонымен қатар шашыңызды қызып кетуден қорғайды. Оған қоса, әртүрлі саптамалары мен мүмкіндітері бар Dyson Airwrap™ әртүрлі шаш түрлеріне бұйралар мен көлем жасауға, шашты түзетіге мүмкіндік береді.
 
Dyson Supersonic™ аты аңызға айналған шаш кептіргіші, қалың шаштары бар адамдар үшін тамаша сыйлық. Ол интеллектуалды жылуды басқарудың арқасында шашты жібектей етеді және жоғары үрлеу күші арқасында уақытты үнемдейді. Жылдам кептіру және төмен шу деңгейлері сәндеу процесін ыңғайлы және тиімді етеді.
 
Dyson Corrale™ сымсыз шаш түзеткіші бұйра немесе толқынды шаштары бар адамдар үшін тамаша сыйлық. Оның майысқан және жылудың біркелкі таралуын қамтамасыз ететін марганец мыс тақталарының арқасында тегістеуден кейін шаш зақымданбай, тегіс және жылтыр болады. Сондай-ақ сымсыз байланыс функциясы мен жылдам зарядтау арқасында кез келген жағдайда пайдалану өте ыңғайлы.

Тағы бір мүмкіндік - Dyson сыйлықтарын жекелендіруге болады. Мысалы, сүйікті адамның бас әріптері немесе ILY аббревиатурасы - мен сені сүйемін деп неге арнайыжекелендіру жасамасқа? Бұл қалаған сыйлықты көркем және есте қаларлықтай етеді.

Үйдегі ерекше атмосфера үшін

gen5

Үйіңізде ерекше атмосфераны сақтауға арналған Dyson құрылғылары қоныс тойға, жасы үлкен ата-анаңызға, нәрестелі болғанжас отбасына тамаша сыйлық болады. Дегенмен, біздің ойымызша, бұл кез келген басқа да арнайы себептер мерекелері үшін де терең ойлы сыйлықтар болып қалады.

Dyson Gen5detect™ – қуатты сору және ұзақ жұмыс уақыты бар соңғы технологиямен жабдықталған сымсыз шаңсорғыш. Қосымша күш жұмсамай-ақ үйіңізді таза ұстауға мүмкіндік береді.
 
Dyson V15s Detect Submarine Absolute – қатты беттерді құрғақ және дымқыл тазалауды оңай жеңе алатын жаңа өнім.
 
Екі шаңсорғыштың да шаң бөлшектерін анықтайтын және оларды тиімді кетіретін инновациялық технологиясы бар. Бұл үйді тазалау үрдісін жеңілдетіп, жылдамырақ және жағымды етеді.
 
uvlazhnitel
Dyson Purifier Humidify+Cool Formaldehyde  – жатын бөлме сияқты шағын кеңістіктерге арналған ауа тазартқыш және ылғалдандырғыш. Ол газдарды, иістерді кетіреді және  0,3 микронға дейінгі аллергендер мен ластаушы заттардың 99,97% -ын дейін ұстайды. Мұндай ылғалдандырғыш аллергиядан зардап шегетін адамдар үшін өте пайдалы сыйлық болады, өйткені бұл олардың өмір сүру сапасын айтарлықтай арттырады.
 
Dyson Purifier Hot+Cool Formaldehyde қосымша қыздыру функциясы бар тазартқыш болып табылады, бұл маусымаралық салқын кезеңде үйіңізге жылу беріп өзінің пайдасын көптеп тигізеді.

Бұл инновациялық құрылғылар сіздің жақындарыңызға таңғажайып тәжірибе сыйлап қана қоймайды, сонымен қатар олардың үйіне қуаныш, жайлылық және денсаулық әкеледі. Сыйлығыңызды есте қаларлық ету үшін стайлер, шаш кептіргіш пен шаш түзеткіш қораптарына жекелендіру жасап әсер қосыңыз.

Кез келген көктем мерекесіне ұмытылмас сыйлықтар жасау үшін Dyson-нан сапа мен инновацияны таңдаңыз!

 

Қатысты мақалалар
Dyson жабдығын сатып алу бойынша нұсқаулық: ТОП 15 сұрақтар мен жауаптар Dyson жабдығын сатып алу бойынша нұсқаулық: ТОП 15 сұрақтар…
Dyson жабдығын сатып алу кезінде тапсырыс беруге, құрылғылардың түпнұсқалығына және кепілдікке қатысты негізгі сұрақтар.
Толық оқыңыз
Кемелдікке апарар жол: Dyson Supersonic туралы таңғажайып фактілер Кемелдікке апарар жол: Dyson Supersonic туралы таңғажайып…
Сәнді кемелділіктің артындағы оқиғаға сүңгіңіз, таң қалуға дайынсыз ба?
Толық оқыңыз
Сымсыз шаңсорғыштарға шолу: үйге арналған тамаша көмекші Сымсыз шаңсорғыштарға шолу: үйге арналған тамаша көмекші
Сымсыз шаңсорғыштарды салыстыру. Үйіңіз бен пәтеріңізге шаңсорғышты қалай таңдау керек?
Толық оқыңыз
Бізбен
байланысыңыз
Байланыс орталығының жұмыс уақыты
Күнделікті 9:00 — 20:00
Алып кету мекенжайы
050019, Алматы, шағын аудан. Атырау, 159/8
(Рысқұлова даңғылы) 3 қабат, бөлме. 301
Рақмет сізге!
Сіздің өтінішіңіз қабылданды және оны біздің мамандар өңдеп жатыр.
Байланыста болыңыз!