Шаңсорғыштарды салыстырыңыз (0) Түзеткіштерді салыстыру (0) Шаш кептіргіштерді салыстыру (0) Стилерлерді салыстыру (0) Түзеткіштерді салыстыру (0)
+7 (747) 527 28 44

Байланыс орталығының жұмыс уақыты

Күнделікті
09:00-ден 20:00-ге дейін

Қоңырауға тапсырыс беру
Dyson Supersonic™ шаш кептіргішіне қолдау көрсету
Dyson Supersonic™ шаш кептіргішіне қолдау көрсету
Бірінші бастау
Оңай бастау

Біздің шаш кептіргіштеріміз ыңғайлы және оны пайдалану оңай. Егер сізге егжей-тегжейлі нұсқаулық қажет болса, біздің бейнені қараңыз

Шаш кептіргішті пайдалану бойынша кеңестер. Бағынбайтын шашыраңқы шаштар үшін қондырманы қалай дұрыс пайдалануға болады, таныса отырыңыз:
Шашыңыз өз бетінше саптамаға тартыла бастағанға дейін күтіңіз. Содан кейін саптаманы қатты баспай шашыңыздың ұзындығы бойынша баяу жылжытыңыз. Шашыңызды артқы жағынан сәндеу қажет болса, қондырманы 45 градусқа бұрып, шашыңыздан ақырын жылжытыңыз.
Flyaway саптамасын бекіту, бұру немесе феннен алу үшін суық жиектерді пайдаланыңыз.
Шаш кептіргішті әрқашан жоғары қуатта пайдалану маңызды.
Шашыңыз қалың болса, 100°C температураны пайдалануды ұсынамыз.
Шашыңызға тегістік беру үшін төменірек температураны таңдаңыз - 60 °C.
Егер сіздің мақсатыңыз шашыңыздың ұштарын қайырып бұйралар жасау болса Flyaway саптамасын қолданыңыз. Егер сізің мақсатыңыз бұйрасыз тек сүзу шаш жасау болса, бұл саптаманы шаштың ұштарына тигізбеңіз, кептіргішті салқын режимге ауыстырыңыз - 28°C. Осылайша сіз шаш үлгісін бұйрасыз тегіс етіп түзете аласыз.
Жақсы нәтиже алу үшін қондырманы тек құрғақ және түзетілген шашқа қолдану керек екенін есте ұстаған жөн.
/
Шаш кептіргішті пайдалану бойынша кеңестер. Бағынбайтын шашыраңқы шаштар үшін қондырманы қалай дұрыс пайдалануға болады, таныса отырыңыз:
Шашты сәндеуге арналған кеңестер
Кез келген жағдайға арнап әдемі шаш үлгісін жасаңыз. Шаш үлгісін жасау үшін біздің қысқа, қадамдық бейне көріністермен таныса отырыңыз.
Шашқа көлем беретін сән үлгісін жасаңыз. Ұзын, түзу шашты қалай түзетуге және көлем қосуға болатынын қараңыз.

Ұзын, түзу шашты қалай түзетуге және көлем қосуға болатынын қараңыз.

Шашыңызды салондағыдай етіп тегіс әрі көрікті етіңіз.

Coanda әсерінің арқасында жаңа бағынбайтын шаш қондырмасы - қысқа, бағынбайтын шашты ұзын шаштың артына жасыруға мүмкіндік береді. Бұл шаштарды түзетіп, оларды салоннан кейінгідей тегіс және көрікті етеді.

Dyson Supersonic™ шаш кептіргішімен керемет бұйралар жасаңыз

Диффузор қондырмасын пайдаланып Dyson Supersonic™ шаш кептіргішімен керемет бұйралар жасауға арналған қадамдық нұсқаулар.

Шашқа көлем мен текстураны қалай қосуға болатынын қараңыз.

Ерлерге арналған стильді, көлемді, текстуралы шаш үлгісін жасаңыз. Шашқа текстура мен көлемді қалай қосу керектігін біліңіз.

Корей стиліндегі шашты көлемді сәндеу.

Ерлерге арналған табиғи, түзу, аз көлемді стильдерді қалай жасау керектігін біліңіз.

Dyson Supersonic™ шаш кептіргішті және жұмсақ кептіруге арналған қондырманы пайдаланып шашыңызды сәндеуге арналған 5 қарапайым кеңес.

Dyson Supersonic™ шаш кептіргішімен сәндеу:

  • Көлемді жасау үшін алдын ала спрейді пайдаланыңыз
  • Шаштың түбінен сіндеуді бастаңыз
  • Шаш ұштарын пішіндеңіз
  • Шашыңызды саусақтарыңызбен таралаңыз
  • Жасалынған шаш сәнін салқын соққы параметрімен бекітіңіз
Біздің сәндеу бойынша кеңестерімізбен Dyson Supersonic™ шаш кептіргіш концентраторын барынша пайдаланыңыз.

Кептіргіштің көмегімен классикалық шаш стилін қалай жасауға болатынын қараңыз және шашыңызды бұйралау үшін ауа ағындарын қалай пайдалану керектігін біліңіз.

Құрылғыңызға күтім жасау
Ауа ағынын бөгейтін шаң мен шаш өнімінің қалдықтарын кетіру үшін құрылғыны мерзімді түрде тазалауды ұсынамыз. Бұл қарапайым және жылдам. Ең бастысы, мұндай күтім құрылғыңыздың оңтайлы өнімділігін сақтауға және оның қызмет ету мерзімін ұзартуға көмектеседі.
Оңтайлы өнімділікті сақтау үшін шаш кептіргішті дымқыл, талшықсыз шүберекпен жүйелі түрде сүртіп тұруды ұсынамыз.

Уақыт өте келе, Dyson шаш кептіргішінің сүзгісі бітеліп қалуы мүмкін. Оңтайлы жұмыс істеп тұруын сақтау мақсатында Dyson Supersonic™ құралының сүзгісін бейне роликте көрсетілгендей жүйелі түрде тазалауды ұсынамыз.

Жиі қойылатын сұрақтар
Dyson Supersonic™ шаш кептіргішіндегі сүзгіні қаншалықты жиі тазалау керек?
+
Бағынбайтын шашқа арналған Flyway саптамасын кез келген шаш түріне қолдануға болады ма?
+
Бағынбайтын шашқа арналған Flyway саптамасын пайдаланған кезде қандай жылдамдық пен температура параметрлерін таңдауым керек?
+
Шаш кептіргішті электр кернеуі әртүрлі басқа елдерде қолдануға бола ма?
+
Рақмет сізге!
Сіздің өтінішіңіз қабылданды және оны біздің мамандар өңдеп жатыр.
Байланыста болыңыз!